Алматының Әуезов ауданына 8 айда 41,7 млрд теңгенің инвестициясы тартылған
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Ағымдағы жылдың 8 айы ішінде негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 41,7 млрд теңгені құрады.
Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,6 млрд теңгеге немесе 22,3 % көп. Жеке көлем индексі 120,7%.
Бұл туралы Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов онлайн брифинг барысында айтты.
Оның айтуынша, ауданда инвестициялық климат туғызу үшін барлық жағдай жасалуда. Дегенмен, 2020 жылғы пандемия барлық ел мен бизнес үшін ғаламдық экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қатерге айналды. Бірнеше ай ішінде үйреншікті өмір салты уақытша тоқтады.
Жаңа жағдайларға тез бейімделу қабілеті көптеген кәсіпорынға карантин кезеңінен қиналмай өтуге және бизнес-үдерістерді жаңаша әзірлеуге көмектесті. Дағдарысқа қарсы шаралаға айрықша назар аударылып, жұмыс орындарын сақтай отырып, кәсіпкерлік белсенділікті қолдау қажеттігі туындады. Ауданның өнеркәсіптік кәсіпорындары іс жүзінде жұмыс үдерістерін тоқтатпай, еңбеккерлерді босатпай, өндіріс орнына келуді және кеңседе жиналыс өткізуді азайта отырып, ескерту шараларын енгізді, - дейді Әуезов ауданының әкімі.
2020 жылдың 8 айының қорытындылары бойынша аталған ауданда өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 71,3 млрд теңгені, өнеркәсіп өндірісінің жеке көлемінің индексі 101,3 % құраған.
Тамақ өнеркәсібі саласында өндіріс көлемі өсті. Мұның өзі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 33,4 %-ға ұлғайғаны байқалды. Ал өңдеу өнеркәсібі саласында өндіріс көлемі 32,3%-ға төмендеді, - дейді Сайран Сайфеденов.
Бұған дейін бұл ауданда 28 251-ден астам кәсіпкер салық төлеуден босатылғаны белгілі болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде 93 мыңнан астам адам қысқартуға ұшыраған
Өзгелердің жаңалығы