23 Шілде 2026, 14:31 Фото: Алматы әуежайынан

Алматы әуежайының маңызды бөлігінде қайта жаңғырту жұмысы аяқталды

Жаңа Оңтүстік перронды қайта жаңғыртудың бірінші кезеңі аяқталды.

Алматы халықаралық әуежайында жаңа Оңтүстік перронды қайта жаңғыртудың бірінші кезеңі аяқталды. Жаңартылған перрон пайдалануға беріліп, онда алғашқы әуе кемесіне қызмет көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оңтүстік перронды қайта жаңғырту әуежайдың аэродром инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарламасының бір бөлігі болып саналады.

Жоба толық аяқталғаннан кейін перрон бір мезгілде Code E санатындағы 3 әуе кемесіне немесе Code B және Code C санатындағы 12 әуе кемесіне дейін қызмет көрсете алады. 

Бұл әуежайдың операциялық тиімділігін арттырып, инфрақұрылымның сенімділігін күшейтіп, одан әрі дамуына мүмкіндік береді.