Кеше 2026, 23:26 Фото: аdvantour.com

Алматы әуежайында жоспардан тыс тексеріс жүргізіледі

Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, алдын ала ақпаратқа сәйкес, 11 маусым күні құрылыс жұмыстары кезінде құрылыс құрылымдары, атап айтқанда құбырлар құлаған. Оқиға әуежай аумағындағы құрылыс алаңында болған.

Алматы халықаралық әуежайының аумағында болған оқиғаға қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мәліметтерден кейін Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы жоспардан тыс тексеру жүргізеді.
 
Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, алдын ала ақпаратқа сәйкес, 11 маусым күні құрылыс жұмыстары кезінде құрылыс құрылымдары, атап айтқанда құбырлар құлаған. Оқиға әуежай аумағындағы құрылыс алаңында болған.

Қазіргі таңда басқарма оқиғаның мән-жайын анықтап, қажетті материалдарды жинақтап жатыр. Кейін олар жоспардан тыс тексеруді тіркеу үшін прокуратура органдарына жолданады. Жоспардан тыс тексеру барысында құрылыс нормаларының сақталуы, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарының ұйымдастырылуы заң талаптарына сәйкестігі тұрғысынан бағаланады. Егер заңнама талаптарының бұзылғаны анықталса, жауапты тұлғаларға қатысты қолданыстағы заң аясында тиісті шаралар қабылданады, – деп жазылған ведомство хабарламасында.

Бұған дейін Алматы қаласының әуежайында оқыс оқиға болып, видеосы әлеуметтік желіде таралғанын жазғанбыз.