Алматы әуежайында жасөспірімнің қалжыңы рейстің кешігуіне себеп болды

Алматы халықаралық әуежайында жасөспірім өзінің досының сөмкесінде жарылғыш зат барын айтып қалжыңдаған. Бұл орынсыз әзіл салдарынан ұшақ рейсі кешігіп, барлық жолаушылар мен әуе кемесі толық тексеруден өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Штаб өкілдерінің мәлімдеуінше, борт алдындағы тексеріс пен қауіпсіздік рәсімдері кезінде жасалған мұндай мәлімдемелер – әзіл ретінде айтылса да, қауіп ретінде қарастырылады. Соның салдарынан рейске уақытша шектеулер қойылып, жоспарланған ұшу уақыты өзгерді.

Азаматтарды тексеру аймағында немесе әуе кемесінің ішінде қауіп-қатерге, жарылғыш заттарға, қару-жараққа қатысты сөздерді қолдануға өте жауапкершілікпен қарау қажет, – делінген ведомство хабарламасында.

Алматыдағы терроризмге қарсы күрес штабы мұндай әрекеттердің салдары заңмен жазалануы мүмкін екенін ескертеді және барлық жолаушыларды әуежайдағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: instagram.com/almatyinternationalairport
Өзгелердің жаңалығы