Алматы әуежайында заңсыз әкелінген құмырсқалар салынған контейнер тәркіленді
Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Жетісу" кеден бекетінің лауазымды тұлғалары Алматы халықаралық әуежайында кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде Италиядан келген қорап ішінен кондитерлік өнімдердің орнына тірі жәндіктер, болжам бойынша құмырсқалар бар 7 пробирка мен 22 пластикалық контейнер табылды.
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы коды бойынша жабайы тірі жәндіктер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлар тізбесіне кіреді. Осылайша, рұқсат құжаттарынсыз тірі жәндіктерді Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз әкелу әрекеті тоқтатылды, - делінген Мемлекеттік кірістер департаментінің хабарламасында.
Осы дерек бойынша материалдар шешім қабылдау үшін уәкілетті мемлекеттік органға жіберілген.
Мемлекеттік кірістер органдары тыйым салынған және шектелген тауарлардың, оның ішінде әскери және қос мақсаттағы тауарлардың қозғалысына тұрақты негізде бақылау жүргізілетінін еске салады.