Алматы әуежайында полицей бұзақыларға қарсы қару қолданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әуежайында үш азамат төбелес шығарып, полиция қызметкерін ескерту оқ атуға мәжбүр етті,- деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Түнгі сағат бір шамасында Алматы және Түркістан облыстарынан келген мас жігіттер әуе айлағының автотұрағында төбелескен. Куәгер әуежай күзетшілерін шақырған.

 

Төбелескендер полицейлердің талабына агрессиямен жауап берді. Олардың бірі, бұрын сотталған 1994 жылы туған азамат сыра бөтелкесін сындырып, сол бөтелкемен полицейге қарай ұмтылған. Сол кезде полицей қызметтік қаруынан ескерту мақсатында әуеге оқ атқан, - деп хабарлады полиция.

Үшеуі де қамауға алынды. Олардың екеуі ұрлық пен тонау үшін сотталған болып шықты. Үшеуі де изоляторға қамалды, бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қызметтік қаруды қолдану фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргіземіз, - деп қорытындылады ведомство.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы