25 Сәуір 2024 2024, 15:31
Фото: Air Astana
Алматы әуежайында есірткі қолданған ұшқыш ұсталды
Алматыда Air Astana әуекомпаниясының ұшқышы әуежайда есірткіге мас күйінде ұсталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Алматыда Air Astana әуекомпаниясының ұшқышы әуежайда есірткіге мас күйінде ұсталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Аталған жағдайға «Air Astana» әуекомпаниясының баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.
23 сәуір күні Алматы әуежайында жолаушы ретінде ұшып бара жатқан әуекомпанияның ұшқышы есірткіден мас күйінде ұсталды, – дейді баспасөз қызметі.
Аталған оқиға бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Ұшқыш жұмыстан шеттетілген.