Алматы әуежайында азаматтық авиацияға арналған музей ашылады

Бұл туралы Алматыда өткен пресс-брифинг барысында айтылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Халықаралық Алматы әуежайының президенті Алп Ер Тунга Ерсой жаңа терминалға байланысты жоспарларын бөлісті. Ол жаңа ғимараттың ұшып кету залында музей ашылатынын айтты.

Жаңа терминалдың ұшып кету залында қосымша қызметтер қолжетімді болады. Мұнда азаматтық авиацияның дамуына арналған музей ашылады. 1995 жылдан бастап Алматы әуежайының даму жолына қатысты дерек осы жерде таныстырылатын болады, – деді ол.

Сонымен қатар жаңа әуежайдың жолаушылар келетін аумағында қазақ мәдениетіне арналған аймақ жасалмақ.

Біз жергілікті мәдениетті көрсеткіміз келеді. Қазақстанға келген жолаушыларға жергілікті суретшілердің, басқа да шығармашыл адамдардың туындыларын таныстырғымыз келеді. Жолаушылар келетін тұста осындай аймақ болады. Бірақ бұл мәселені әлі талқылап жатырмыз. Өйткені дәстүрлі қазақ өнері ме, әлде заманауи өнері ме – қайсысы басым болатыны әлі нақты белгіленген жоқ, – деді Алп Ер Тунга Ерсой.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы