Алматы әуежайында атом бомбасы туралы қалжың айтқан шетелдік жазаланды

Алматы әуежайында Өзбекстаннан келген 18 жастағы жолаушы сәтсіз қалжыңдап, айыппұлға тартылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға 2 қыркүйекте болған. Халықаралық рейстерге тіркелу кезінде жас жігіт әзіл-шыны аралас “менің жүгімде атом бомбасы бар” деп айтқан.

Шетел азаматы ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 20 АЕК (78 640 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды” – деп хабарлады көліктегі полиция.

Ведомство өкілдері жолаушылардың көбісі мұндай әрекеттердің ауыр жауапкершілікке соқтыратынын түсіне бермейтінін атап өтті.

Көліктегі полиция кез келген арандатушылық әрекет немесе қорқыту әрекеті көліктегі қауіпсіздікке елеулі қатер ретінде қарастырылатынын және кінәлілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылатынын қайта ескертеді, — деді полицияда.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері түрлі әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін пойыздар мен әуе рейстерінен 900-дей “деструктивті” жолаушы түсірілген. Көліктегі полицияның айтуынша, ең жиі кездесетін құқықбұзушылықтар — спирттік ішімдік ішу, қоғамдық орында мас күйде жүру, ұсақ бұзақылық және вагондарда шылым шегу.

Еске салайық, бұған дейін Аягөзде снаряд табылып, тұрғындар эвакуацияланған болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы