Алматы әуежайында 8 адам ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында коронавирусқа қарсы ПТР-тестінің жалған анықтамасын қолданған 8 тұрғын ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Азаматтар арасында жалған ПТР анықтамаларын қолдану тыйылмай тұр. Бұл жолы күдікке Алматы қаласының 8 тұрғыны ілігіп отыр. 30 шілдеде Алматы қаласының халықаралық әуежайында көлік полицейлері нысан қызметкерлерімен бірге коронавирус жұқтырмағаны туралы жалған ПТР анықтамасы бар адамдар тобын ұстады, – деді Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Сарықұл Жоланов.Оның айтуынша, ұсталғандардың барлығы Алматы қаласындағы жеке фирманың қызметкерлері.
Жұмыс орны оларға Дубай қаласына саяхат жолдамасын берген. Құқық бұзушылар ПТР анықтаманы интернет арқылы сатып алғанын айтқан.
Қазір аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабының 3-бөлігі (көрінеу жалған құжатты пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – дейді полиция полковнигі.Сарықұл Жоланов бұл Алматы қаласының әуежайында тіркелген 11-оқиға екенін айтады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Токио-2020: 5 тамыздағы қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы