Алматы әуежайында 289 миллион теңгелік бұйым ұрлаған шетелдік ұсталды
Қазақстан тарапының сұрауы бойынша Алматы әуежайында халықаралық іздеуде болған Қытай азаматы полиция қызметкерлерімен ұсталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Тергеу мәліметінше, өткен жылдың желтоқсан айында ол Бахрейн Корольдігіндегі жеке үйге заңсыз кіріп, құны 535 629 АҚШ долларын (289 миллион теңгеден астам) құрайтын зергерлік бұйымдар коллекциясын ұрлап кеткен. Ер адам елден кетіп үлгерген, алайда оның қайда екендігі жөніндегі жедел ақпарат түскеннен кейін ІІМ қызметкерлері қажетті шараларды қабылдады.
Қазіргі таңда іс сотқа дейінгі тергеу сатысында. Күдіктіге қатысты Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы