Алматы әуежайында 100 мың тонна жүк тасымалданды

Әуежайда 2025 жылы инфрақұрылымды жаңғырту және автоматтандыру енгізілімек, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Осылайша, операциялардың тиімділігін арттыруға және жүктерді өңдеу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Алматы халықаралық әуежайының президенті Гокер Косе жаңа технологиялар мен жабдықтарға инвестиция жасап, әуежайды аймақтағы негізгі логистикалық орталыққа айналдыру жоспарда бар екенін атап өтті.

Тарихи 100 тонна жүкті тасымалдадық. Жыл соңына дейін көрсеткішті 110 тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Көрсеткіш жыл сайын артып келе жатқаны - еліміздің Ұлы жібек жолының тоғысқан ортасында орналасуынан. Сондай-ақ Cargo терминалдың жаңаруының әсері де бар. Қызметкерлердің тынбай еңбек етіп жүргенін атап өткеніміз жөн. Алдағы жылдары жүк тасымалын екі есе арттыру жоспар да бар. Болашақта Cargo терминалдың алдына Cargo перон салынады. Жүк тасымалының барлығын автоматтандырып, қызметкерлердің жұмысын жеңілдетсек дейміз. Елімізде жүк тасымалы дамуына үлес қосып, бір бөлігі болып жүргенімізге қуаныштымын. Алдағы уақыта да жүк тасымалына инвестиция салу жоспарда бар,- деді Алматы әуежайының президенті Гокер Косе.

Алматы халықаралық әуежайы алғаш рет 100 мың тонна өңделген жүк мөлшерін асып, бұл маңызды жетістік жүк терминалының дамуы жолында үлкен қадам болды.

2023 жылы Алматының жүк терминалы 100 мың тоннаға жақын болды, яғни жылды 98 905 тонна жүк өңдеу көрсеткішімен аяқтады. Алайда 2024 жыл үлкен өзгерістер әкелді. 22 қарашада терминал 100 мың тонна межесінен асып, жылдың соңына дейін шамамен 110 мың тонна жүк өңдеуді жоспарлап отыр.

Жерүсті қызметтері мен жүк операциялары саласындағы көшбасшы Havaş-пен ынтымақтастығымыз біздің қызметтерімізге үлкен құн қосады. Біздің жұмыс күшімізді нығайтып, автоматтандыруға көшіп, инфрақұрылымды жаңартып, кеден процестерін жеңілдету арқылы біз ұзақ мерзімді мақсатымызды іске асыру үшін негіз қалаудамыз: Алматы жүк терминалын 1 миллион тонна жүк өткізуге арналған нысанға айналдыру, — деді Гөкер Көсе.

TAV Airports-тың 2025 жылы негізгі жобалар қатарына өңдеу уақытын 50%-ға қысқартуға мүмкіндік беретін жүк тасымалдау автоматтандыру жүйесін енгізу және операциялық жылдамдықты арттыру мақсатында инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары кіреді. 

Қазіргі уақытта кеден органдарымен процедураларды жеңілдету бойынша келіссөздер жүргізілуіп жатыр, бұл күрделі болғанымен тиімділікті айтарлықтай арттыруы мүмкін. Жаңа технологиялар мен жабдықтарға инвестиция құйып, әуежай өңдеу процесін жетілдіріп, өңірдегі негізгі логистикалық хаб ретіндегі орнын нығайтуды мақсат етеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы