Алматы әуежайына кіру бір аптаға ішінара шектеледі
Алматыда Бейімбет Майлин көшесі жағынан халықаралық әуежай аумағына кіру мен шығу 4-11 желтоқсан аралығында уақытша ішінара жабылады. Бұл туралы Алматы әуежайының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы әуежайының мәліметінше, негізгі кіреберіс учаскесінде сыртқы аралды бөлшектеу және асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты бір кіру және екі шығу жолы уақытша жабылады.
Қалған кіреберістер мен шығулар әдеттегідей жұмысын жалғастырады.
Әуежай әкімшілігі уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, жолаушыларға маршруттарын алдын ала жоспарлап, қозғалыс кезінде уақыт шектеулерін ескеруге кеңес береді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
WorldSkills Kazakhstan 2025: Астанада кәсіби шеберлік додасының алғашқы күні қалай өтті?
Келесі жаңалық
Синоптиктер: Қазақстанда алда күшті аяз күтіледі
Өзгелердің жаңалығы