27 Сәуір 2022 2022, 14:28

Алматы әуежайына Дінмұхамед Қонаевтың есімін беру ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Дінмұхамед Қонаевтың есімін Алматы қаласының әуежайына беру мәселесін көтерді.

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Дінмұхамед Қонаевтың есімін Алматы қаласының әуежайына беру мәселесін көтерді.

Алматы тұрғындарының, сондай-ақ Президенттің Қапшағай атауын өзгерту бойынша ұсынысын қолдай отырып, Үкіметке Алматы халықаралық әуежайына Дінмұхамед Қонаевтың есімін беру мәселесін қарастырып, шешуді ұсынамыз, - деді депутат Ерлан Смайылов.

Депутаттар осы мәселеге қатысты депутаттық сауалды Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярдың атына жолдады.

Осы тұста желіде алматылықтардың әуежайға қатысты осы бастамасына арналған петиция бар. 24 наурызда жарияланған ұсынысқа қазіргі кезде 52 мыңнан астам адам қол қойып үлгерген.