Алматы әуежайына бірнеше ұшақ қона алмады

Әлеуметтік желілерде үш ұшақтың Алматы аспанында қона алмай, ұшып кетуге мәжбүр болғаны жарияланған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшақтар қона алмаған. Салдарынан БАӘ-ден ұшатын рейс сәл кешіктірілген.

FlightRadar қызметінің мәліметтері бойынша, Air Astana әуе компаниясының Бангкоктан KC 932 рейсі, Шарджадан Air Arabia G9 251 және Ташкенттен Air Astana KC 128 рейсі Алматыға қонар алдында ұшып кетуге мәжбүр болған. Ұшақтар аман-есен қонғанша әуежайды бірнеше минут айналып ұшқан.

Аталған жағдайға байланысты Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі түсінік берді.

Сағат 14:40-тан 19:00-ге дейін қолайсыз ауа райы болжанатыны туралы дауылды ескертуге байланысты (жел екпіні 15 м/с, көру мүмкіндігі 2500 м, найзағай, жаңбыр, шаңды дауыл) рейстер кешігуі мүмкін. Ұшу немесе қону туралы шешімді әуе компания экипаждары қабылдайды, - дейді баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы