Алматы әуежайын басып алуға жол берген полиция бастығы ұсталды – Бас прокуратура

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Алматы қаласы әуежайының желілік полиция бөлімінің бастығы ұсталды. Ол өзінің қызметтік міндетін орындамай, әуежайды күзетсіз қалдырды. Осылайша, әуежайды басып алуға жол берді. Нәтижесінде әуежайға айтарлықтай зиян келтірілді. Оның инфрақұрылымы бұзылып, кәсіпкерлік мүлік ұрланды. Жолаушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төнді, - деді Қилымжанов. 

Ол атағандай, сол кезде әуежайды 165 қауіпсіздік қызметкері, оның ішінде 40 полиция қызметкері, 65 шекарашы, 60 авиациялық қауіпсіздік қызметкері болған. 

Олардың барлығы шабуылға тойтарыс беруге арналған жеткілікті қару-жарақ болатын, - деді ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы