"Алматы әуежайы ұшақ қабылдамайды" деген жалған ақпарат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Telegram мессенджерінде Алматы халықаралық әуежайы ұшақтарды қабылдамай жатқаны туралы ақпарат тарады. Бұл жалған, деп хабарлайды stopfake.kz.
Алматы әуежайы өкілдерінің харлауынша, әуе порты штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Әуежай ұшақтарды қабылдамай жатыр деген ақпарат жоқ. Барлық ұшақтар, әдеттегідей, кесте бойынша ұшып-қонуда, – деп хабарлады Алматы әуежайынан.
Демек, тараған ақпарат фейк. Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР заңнамасымен жауапкершілік қарастырылған. Сонымен қатар, бұғандейін әуежай жұмысы шартты режимге ауысқанын хабарлаған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еліміздегі барлық банк штаттық режимде жұмыс істеп жатыр
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы