Алматы әуежайы су астында қалды

Алматы әуежайының жаңа терминалында жолаушылар күтпеген жерден төбеден аққан судың астында қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға видеосы әлеуметтік желіде тарады, онда күту залының төбесінен су ағып жатқанын көруге болады.

Әуежай әкімшілігінің мәліметінше, 1-терминал мен 2-терминал арасындағы резервтік құбырды сынау кезінде төбеден су кеткен.

Жалғанған жері үзіліп, төбеден су ақты. Жағдай тез бақылауға алынып, аққан су тоқтатылды. Бұл оқиға әуежайдың жұмысына әсер еткен жоқ және жолаушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндірмеді, – деп мәлімдеді әуежайдың баспасөз қызметі.

Алайда, әлеуметтік желі қолданушылары бұл жағдайды қалжыңсыз қалдырмады. Кейбіреулер жаңа терминалды «Алматы аквапаркі» деп атауды ұсынса, енді біреулері жолаушыларды алда тағы қандай «тосынсыйлар» күтіп тұрғанын болжай бастады.

Айта кетейік, 2024 жылдың жазында да Алматы әуежайының жаңа терминалы жаңбырдан кейін су астында қалған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы