Алматы әуежайы сапарға шықпас бұрын рейстерді тексеруге кеңес береді
Алматы халықаралық әуежайы ауа райының нашарлауына байланысты әуежайдың өндірістік қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қардың қарқынды жаууына орай ұшақтарға мұздануға қарсы өңдеу қызметтерін көрсетуге шектеулер енгізілді.
Барлық қызметтер рейстердің кешігуін азайту және операциялардың қалыпты тәртібін қалпына келтіру үшін қажетті шараларды қолдана отырып, күшейтілген режимде жұмыс істеуде.
Жолаушылардан рейстердің ағымдағы статусын ұшар алдында әуежай мен әуекомпаниялардың ресми сайттарынан тексеруді сұраймыз. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамыз, - деп жазды Алматы халықаралық әуежайының корпоративтік коммуникациялар департаменті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда фильмдердегі мемлекеттік тіл нормаларының сақталуын бақылауды күшейту ұсынылды
Келесі жаңалық
26 қаңтардан бастап "Қызылорда –Арал" жолы ақылы болады
Өзгелердің жаңалығы