Алматы-Астана пойыздары енді Шуда тоқтамайды
«Жолаушылар тасымалы» АҚ Астана мен Алматы арасында қатынайтын №4/3 және №10/9 Talgo пойыздарының қозғалыс бағытына өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шу станциясы тораптық маңызға ие және мұнда локомотив ауыстыру қажет. Бұл шешім логистиканы оңтайландыру және Астана мен Алматы арасындағы жалпы жол жүру уақытын қысқарту мақсатында қабылданды. Сонымен қатар, Шу станциясынан жолаушылар ағыны төмен деңгейде.
Шу станциясынан мінуді немесе түсуді жоспарлаған жолаушылар үшін балама бағыттар қарастырылған. Олар стандартты вагондардан тұратын әлеуметтік маңызы бар пойыздармен немесе келесі Talgo пойыздарымен қатынай алады:
Астана – Шу бағытындағы пойыздар:
- №72/71 Астана – Шымкент
- №86/85 Астана – Шымкент
Шу – Алматы бағытындағы пойыздар:
- №1/2 Ташкент – Алматы
- №11/12 Шымкент – Алматы
- №25/26 Шымкент – Алматы
- №27/28 Орал – Алматы
«Жолаушылар тасымалы» АҚ маршруттардың өзгеруіне байланысты келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Өзгелердің жаңалығы