Алматы әскерилері қан тапсыру акциясын өткізді

Алматы, BAQ.KZ.  Алматы қаласының әскерилері "Жақыныңа өмір сыйла" атты қан тапсыру акциясын өткізді.  

Аталған акция Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының 110 жылдық мерей тойы қарсаңында ұйымдастырылған.

Алматыдағы 07029 әскери бөлімнің қызметшілері бүгін жәрдем іс-шарасын өткізді. Әскерилер карантиндік талаптарды сақтай отырып  Алматы қаласы қайтарылмайтын қан орталығында "Жақыныңа өмір сыйла" атты қан тапсыру акциясын ұйымдастырды. Бұл маңызды іс-шара Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінен қолдау тапты. Сондықтан әскери қызметшілер бұл акцияны бірден қолдап, ат салысып, белсенділігін көрсетіп, отанға деген патриоттық сезімін және Қазақстан Республикасының нағыз азаматы екендерін таныта білді, - дейді Әскери бөлім командирі Нұрлан Маратұлы.

Қазіргі пандемия жағдайында қан тапсыру маңызды іс-шараның бірі. Қаладағы әскерилер эпидемиологиялық жағдай орнаған алғашқы күннен бері алғы шепте жұмыс атқарып келеді, оған қоса науқас адамдарға қан тапсыруды өз борыштары санап отыр

Әскерилер сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің нұсқамасы бойынша ұйымдастырылған бұл акцияға қолдау білдірген ҚР Қорғаныс министріне алғыстарын білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы