«Алматы аруы-2020» байқауының жеңімпазы белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жиырма жастағы Асият Исембаева «Алматы аруы-2020» байқауының ең сұлу бойжеткені атағын жеңіп алды.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.Енді Исембаева және үш вице-мисс 2021 жылы өтетін «Қазақстан аруы» ұлттық байқауының финалында Алматы атынан өнер көрсетеді.
Сондай-ақ көрермендер көзайымы жүлдесі бойынша дауыс беру қорытындысы жарияланды. People’s choice титулын Александра Розанова жеңіп алды.
Айта кетсек, байқау жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Көк-төбеде көрермендердің қатысуынсыз өтті. Қазылар алқасының мүшелері арасында «Алматы аруы-2020» байқауының директоры Совет Сейітов, әнші Айжан Нұрмағамбетова, «Алматы аруы-2019» байқауының директоры Диана Әбішева және байқау демеушілерінің өкілдері болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
1 желтоқсанда Алматы мен Нұр-Сұлтанда автобустар жүре ме?
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы