21 Қараша 2026, 01:25 Фото: rentacars.kz

Алматы әлемдегі ең үздік 20 туристік бағыттың қатарына енді

Қала халықаралық тізімге енген Орталық Азиядағы жалғыз бағыт болды.

Алматы BBC Travel басылымы ұсынған 2027 жылы саяхаттауға тұрарлық әлемдегі үздік 20 бағыттың тізіміне енді.

Басылым Алматыға келген туристерге қазақстандық қолөнермен, ұлттық тағамдармен және заманауи өнермен танысуға кеңес береді. Атап айтқанда, Almaty Museum of Arts музейі мен "Целинный" заманауи мәдениет орталығы қаланың көрнекті орындары ретінде аталған.

Сондай-ақ BBC Travel дәстүрлі және заманауи музыканы біріктіретін The Spirit of Tengri фестиваліне назар аударған. Бұдан бөлек, қазақтың ұлттық тағамдарын жаңаша ұсынатын мейрамханалар да туристерге ұсынылған.

Айта кетейік, тізімге Франция, Италия, Канада және Жаңа Зеландияның туристік бағыттары да енген. Бағыттарды іріктеу кезінде олардың туристік тартымдылығымен қатар, мәдениет пен табиғатты сақтауға және жергілікті қауымдастықтарды қолдауға қосатын үлесі де ескерілген.

Almaty_akimdigi telegram