Алматы қаласында карантиндік шектеулер жеңілдетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен коронавирусқа байланысты карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілді.
Қаулыға сәйкес, 15 қыркүйектен бастап мәдениет нысандары (адамдар саны 30-дан аспайтын жеке және топтық жаттығулар), кітапханалар мен музейлер (ғимараттың толуы 50 пайыздан аспауы тиіс) жұмыс істей бастайды.Бұл ретте, маска тағу режимі және әлеуметтік қашықтық сақталып, санитарлық-дезинфекциялық шаралар қатаң жүргізілуі, желдету жүйелері іркіліссіз жұмыс істеуі қажет.
- ата-аналардың өтініші бойынша білім беру ұйымдарында 3-4 сыныптардың кезекшілік топтары жұмыс істей бастайды.
Бұл ретте, сыныптағы балалар санын 15-тен асырмау және санитарлық нормаларды қатаң сақтау талабы қойылады.
Қаулыны ұйымдастырушылық-құқықтық формасына және қандай ведомство құрамына кіретініне қарамастан барлық заңды тұлғалар орындауға міндетті. Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді, - делінген Алматы қалалық бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қол қойған құжатта.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/almatyda-karantin-zhenildetildi-3-4-synyptar-mektepte-oki-alady_a3694150
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жалған ақпарат. Қытайлық ұшақ радиоактивті заттар шашып жүр
Келесі жаңалық
Іле Алатауы тауларынан жасөспірім құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы