Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында азаматша А. "Әділет" халықаралық төрелік соты" толық серіктестігін құрып, сот төрелігін заңсыз жүзеге асырған, деп хабарланды Бас прокуратураның ресми сайтында.
Билік өкілінің атағын өз еркімен иемденіп алып, Қазақстан Республикасының атынан әкімшілік, қылмыстық және азаматтық істер бойынша шешімдерді (шешімдерді Мемлекеттік елтаңбамен және басқа да деректемелерімен фирмалық бланкіде) шығарып отырған.Осы заңсыз сот актілерімен азаматтарды жүргізуші куәлігінен айырып және соманы өндіріп алып, тергеу изоляторынан адамдарды босатуға тырысқан. Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының арызы бойынша Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Әділет" Халықаралық төрелік соты" ЖК қызметін жойды, - делінген таратылған ақпаратта.Жалған судьяға қатысты ҚР ҚК-нің 390-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (Билік өкiлiнiң атағын өз бетiмен иемденіп алу).
ҚР ҚПК-нің 201-бабының тәртібінде өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.