Алматы қаласы ПД Процессингтік орталығының басшысы ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 800 мың теңге көлемінде пара алып жатқан Алматы қаласы Полиция департаментінің Процессингтік орталығының басшысы ұсталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты.
2020 жылдың 8 тамызында Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 800 мың теңге сомасында кезекті ақшалай қаражат сомасын алу барысында Алматы қаласы Полиция департаментінің Процессингтік орталығының басшысы мен қызметкері ұсталды. Олар 2017 жылдан бастап "жалған сот орындаушысымен" сөз байласып, жол қозғалысы ережелерін бұзушылардан қаражат алып, өздеріне иемденген, - дейді Данияр Биғайдаров.
Оның айтуынша, бұл ретте автоматтандырылған деректер базасына бюджетке түскен ақша қаражаты туралы жалған мәліметтер енгізілді.
Тек алдын ала деректер бойынша, аталған тұлғалардың қылмыстық әрекеттерінен мемлекет бюджетіне 25 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 270 млн теңгеден астам қаржы түспеген. Аталған тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта аталған тұлғалардың басқа қылмыстарға қатыстылығы туралы фактілері тексерілуде. Қылмыстық іс тергеу сатысында, істің басқа мән-жайлары тергеу мүдделеріне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді, - дейді тергеуші.
Ол сонымен қатар, осыған ұқсас фактілерді бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі анықтағанын айтты. Онда Өскемен қаласының Әкімшілік полициясының лауазымды тұлғалары шамамен 160 айыппұл төлеу туралы жалған мәліметтер енгізген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
35 миллион теңге жымқырған шенеунік ұсталды
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы