Алматы қаласы карантинге жабылады деген ақпарат жалған

Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімдігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қаланың жабылатыны туралы мәліметтің жалған екенін хабарлады.

Желіде осы жылдың 30 маусымы сағат 00:01-ден бастап белгіленбеген мерзімге дейін қосымша шектеу шараларын енгізу, оның ішінде ірі сауда нысандарының және жаяу жүргіншілер аймақтарының, саябақтардың, скверлердің, қалаға кіріп-шығатын жолдардың жабылатыны туралы ақпараттың тарауына байланысты Алматы қаласының әкімдігі жанынан құрылған коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі Комиссия аталған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейді, - делінген хабарламада. 

Алматыдағы коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі Комиссия қаланың ресми дерек көздерінде жарияланған ақпаратты ғана қолдануға шақырады. Сонымен бірге, жалған ақпаратты таратқандар жауапкершілікке тартылатыныны айтты. 

Өз кезегінде, қала тұрғындарынан мегаполис аумағындағы эпидемиологиялық режимді: әлеуметтік қашықтықты, маска режимін ұстанып, адамдар көп жиналатын орындардан аулақ жүруге шақырамыз. Мүмкіндігінше, үйден шықпау керек, әсіресе, жасы 65 жастан асқан адамдарға сақ болған жөн, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы