Алматы әкімі жұмыртқа бағасының өсуіне қатысты пікір білдірді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындарға есеп беру кездесуінде қаладағы азық-түлік бағасының өсу мәселесіне қатысты жауап берді.
Тұрғындар азық-түлік бағасын тұрақтандыруды сұрап, әсіресе жұмыртқа бағасының шарықтап кеткенін жеткізді.
Әкімнің айтуынша, қазір жұмыртқа бағасы Алматыда ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша өскен.
Бұны мамандар мезгілдік өсім деп атап отыр. Бүгінгі жаңалықтарда Ресейде де осындай мәселе орын алып жатқаны айтылды. Бұл жағдай алдағы уақытта тұрақталады деп есептеп отырмыз, - деді әкім.
Сонымен қатар, ол қаладағы азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.
Былтыр бюджеттен 7 млрд теңге үстінде қаражат бөліп, әлеуметтік маңызы бар тауарларға қатысты қор жасадық. Ол кезде 18 тізім бойынша бағаны ұстап қалдық. Бұл бағаның өсуі бойынша елдегі ең төменгі көрсеткіш болды. Мұны қолға алмасақ, баға одан ары шарықтап кетер еді. Қазір мал бордақылаушылар үй жанындағы ет дүкендеріне өнімді тікелей жеткізу мәселесін қолға алды. Оған қоса, базарлармен келісіп, онда әлеуметтік үстелдер қойып жатырмыз. Ондағы сату бағасы көтерме базардың бағасымен бірдей, - дейді Бақытжан Сағынтаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы