Алматы әкімі жаппай тәртіпсіздікте жапа шеккендердің жағдайын білді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев лаңкестермен қақтығыста жараланған әскери қызметкерлер мен полиция қызметкерлері жатқан Орталық қалалық клиникалық ауруханаға барды, деп хабарлады «ҚазАқпарат».

Әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, әкім ауруханада жатқандарға лаңкестік шабуылдардан қаланы қорғағаны үшін алғыс айтты. 

Сондай-ақ ол қалалық жедел штабта қызметін атқару кезіндегі жапа шеккен әкімдіктің мемлекеттік қызметкерлеріне де алғыс білдірді. 

Зардап шеккендердің есімдері қауіпсіздік мақсатында айтылмады. 

Осыған дейін Алматыда 10 қаңтардан бастап қоғамдық көлік қатынайтыны белгілі болды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы