Алматы әкімі жансақтау бөліміндегі орындар көбейтілетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Akimat live» тікелей эфир барысында айтты.
Наурыздағы жағдай бойынша вирус тез таралып жатқанын байқап отырмыз. Өткен жылы дайындаған клиникалар толып жатыр. Қазір 7011 төсек-орын бар. Олар 3 эшелонға бөлінген. Олар жағдайы ауыр, қалыпты және жеңіл науқастарға арналған. Жұмысқа тек 5 мың төсек-орын алынды. 5 мыңнан санағанда бос орындар саны 48 пайызды құрап отыр, - деді Сағынтаев.
Алматы әкімі инфекциялық ауруханалардың жағдай туралы да айтып берді.
Балаларға арналған 2 корпусы бар инфекциялық аурухана мен ересектерге арналған инфекциялық аурухана бар. Қазір 1800 инфекциялық орын бар. Оның 75 пайызы бос емес. Демек, инфекциялық орындардың 25 пайызы бос. Жалпы саннан бүгінде бос орындар саны 48 пайызды құрайды. Жансақтау бөлімінде 280 орын бар, оның 46 пайызы бос емес. Таңертең 52 пайыз болған, қазір жаңа мәліметтер келді. Біз жансақтау орындарын арттырамыз. 139 жаңа жансақтау орнын жасақтаймыз, - деді ол.
Алматы әкімі атап өткендей, орталық клиникалық аурухана толығымен босатылды.
Біз науқастарды өзге ауруханаларға ауыстырдық. Орталық клиникалық аурухана өткен жылдағыдай толық инфекциялық аурухана ретінде жұмыс істеп жатыр. Алайда біз ортақ госпительдендіруді бұрынғыша жүзеге асырып жатырмыз. Аса ауыр жағдайдағы науқастар саны біртіндеп артып жатыр. Олардың саны 35-ті құрады. Жағдайы ауыр науқастар саны 257-ні құрады. Орташа жағдайдағы науқастар саны 2454 адамды құрады. Жансақтау бөлімінде 145 науқас жатыр. 17 наурызда 59 науқас болған. ӨЖА-да 8 науқас жатыр, - деді ол.