Алматы әкімі «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қойды
Алматы, BAQ.KZ. Гүл қою рәсімі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында өтті.
Салтанатты рәсімге Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, қала мәслихатының хатшысы Қ. Қазанбаев, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С. Канкуров, Қазақстан халқы Ассамблеясының қалалық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы А. Шардинов, қаланың Қоғамдық кеңесінің төрағасы Р. Алшанов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Бижанов қатысты.
Сондай-ақ, мерекелік шараға Желтоқсан қауымдастықтарының басшылары, қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз - бірлігі бекем, іргесі мығым елміз
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы