Алматы әкімі құрылысшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады

Алматыда Құрылысшылар күніне арналған салтанатты шара өтті. Қала әкімі Ерболат Досаев құрылыс саласының өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы әкімі құттықтау сөзінде  құрылыс саласы қала экономикасының негізгі драйверлерінің бірі екенін атап өтті. Бүгінде құрылыс саласында 100 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Жыл сайын қалада орта есеппен 1,5 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі, әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандар салынуда.

Сіздердің жұмыстарыңыз бүкіл қаланың кешенді және сапалы дамуы үшін өте маңызды. Біздің тұрғындардың өмір сүру сапасы мен жайлылығы жұмыстың нәтижелеріне тікелей байланысты, – деді қала әкімі Ерболат Досаев.

Салтанатты шара  барысында қала әкімі құрылыс саласы өкілдерінің жоғары кәсібилігіне алғысын білдіріп, көп жылғы еңбегі мен ерен жетістіктері үшін оларды Алғыс хаттармен марапаттады. Мерекелік шара құрылысшылар арасындағы спартакиадаға ұласты.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы