Алматы әкімінің орынбасары тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сапарбек Тұяқбаев Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Алматы қаласы әкімінің өкімімен Сапарбек Тұяқбаев Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Сапарбек Тұяқбаев 1979 жылы туылған. 2001 жылы Таяушығыс техникалық университетін (Түркия), 2004 жылы Торонто университетін (Канада) бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы бастаған. 2005-2009 жылдар аралығында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Ресейдегі ҚР Елшілігінде, Индустрия және сауда министрлігінде, Президент әкімшілігінде түрлі қызметті атқарған.
2012-2017 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақста облысы әкімінің орынбасары болды, инвестиция, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелеріне басшылық жасады.
2016 жылдың қазанынан ҚР Инвестициялар және даму министрілігінің Инвестиция комитетінің төрағасы. 2017 жылдың қарашасынан «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы қызметін атқарды.
Бұрындары қала әкімінің орынбасары болған Марат Сембеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.