Алматы әкімі аудан тұрғындарымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Ең көп жолданған сауал тозығы жеткен жол мен жер үйлерді заңдастыруға қатысты болды, деп хабарлады Almaty.tv.

Қала әкіміне қордаланған мәселелерін жеткізуге келген xалықтың саны өте көп. Әкім тұрғындарға алдағы уақытта Алматыны қай бағытта дамытатыны туралы түсіндіріп, әлеуметтік және денсаулық сақтау саласында атқарылатын жұмыстар туралы айтты. Сондай-ақ әкім қауіпсіздік мәселесіне де ден қойды.

«Жаяу патруль жұмысын күшейтеміз. Авто патрульдер көшені де, ауланы да қарайды. Сxемасын сызып бердік. Қылмыс көп болатын жерлерге жылжымалы полиция пунктін қоямыз. Тәулік бойы ішінде полицей отырады. Ол бірден дабыл қағып, көмектеседі xалыққа», – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Содан кейін әкім ашық диалог құрып, тұрғындардың мәселесін тыңдауға көшті. Алатаулықтарды алаңдатқан проблема өте көп. Бірақ ең көп жолданған сауал тозығы жеткен жол мен жер үйлерді заңдастыруға қатысты болды. Тұрғындар жолдың салынбауы салдарынан лай-батпақтан жалыққанын айтып, әкімнен көмек сұрады. 

Ал көпбалалы аналар үйлерін заңдастыра алмай жүргендіктен, атаулы әлеуметтік көмектен қағылып келе жатқанын айтты. Сондай-ақ, әкімге қауіпсіздікке қатысты сұрақтар да жиі қойылды. Әр тұрғынның сауалы тыңдалып қана қоймады, оларды шешу жолында нақты тапсырмалар берілді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы