Алматы әкімдігі Сайрандағы жөндеу жұмыстарын кешіктірген мердігерді сотқа берді

Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы Сайран көлін абаттандыру бойынша бас мердігерге қарсы сотқа талап арыз түсіріп, оны мемлекеттік сатып алуларға қатысуда адал емес деп тануды талап етті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда шарттық міндеттемелердің уақытында және сапасыз орындалуына байланысты Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы "Павлодар өзен порты" АҚ-ға қатысты сотқа талап арыз беріп, бас мердігерді мемлекеттік сатып алуларға адал емес қатысушы ретінде тануды сұрады, - деп хабарлады әкімдік.

Айта кетейік, бастапқыда Сайран көлінің аумағын қайта жаңғырту жұмыстарын осы жылдың мамыр айының соңына дейін аяқтау жоспарланған болатын.

Алматыдағы Сайран көлінде шомылуға бола ма? Алматы әкімдігі Сайран көліндегі тыйымға қатысты түсініктеме берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы