Алматы әкімдігі маңызды мәлімдеме жасады

Алматы қаласының әкімдігі маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Белгілі болғандай, қаладағы сейсмикалық жағдайға арнайы комиссия бақылау жүргізеді.

Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының базасында комиссия Алматы болжамдық полигонының аумағындағы сейсмикалық жағдайға бағалау жүргізеді. Оның қорытындысы бойынша Комиссияның кезектен тыс отырысының хаттамасы дайындалады, - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Комиссияның қорытындысына сәйкес күшті және жойқын жер сілкінісі күтілмейтіні айтылды.

Еске сала кетейік, Алматыда 23 қаңтар түнгі cағат 00:09 шамасында жер сілкінісі болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы