Алматы әкімдігі ғимаратына 20 млрд теңгенің шығыны келтірілген

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы әкімінің орынбасары Мухит Әзірбаев  қаланың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы айтты. Аталған отырыс қала әкімі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен өтіп жатыр.

Әкімнің орынбасары Алматыдағы бүліктен кейін 240 нысан зардап шеккенін айтты. Көбінің терезе, есігін ауыстыруды қажет етеді және жартылай өртенген нысандар бар. Оның 27-і мемлекеттік мекеме ғимараты, 216-ы шағын және орта бизнес нысаны.

Мемлекеттік 27-і нысанның 10-да жөндеу жұмыстары мемлекеттік бюджет қаржысына жүргізіледі. Өйткені онда күрделі жұмыстар жүргізуді қажет етеді. Оның 4-уі әкімдік ғимараты, Qazaqstan ТРК-ның нысаны, Президент резиденциясы, қалалық прокуратура, сондай-ақ полиция департаменті ғимараты мен аудандық полиция бөлімшелері мен фронт кеңселері бар. Қазір бұл нысандарға қанша қаражат қажеттігін анықтауға  ҚазНИИСА, ҚазМИРР мекемелері көмектесіп жатыр,-деді Әзірбаев. 

Сондай-ақ әкімнің тағы бір орынбасары Ільяс Үсеров жаппай тәртіпсіздік кезінде келтірілген шығынның алдын ала болжамын жариялады.

Тәртіпсіздік кезінде келтірілген жалпы шығын 112,6 млрд теңге деп бағаланған. Оның 67 млрд теңгесі бизнес субектілеріне тиесілі. Ал, әкімшілік ғимараттарға 22,6 млрд теңге шығын келген. Алматы әкімдігі ғимаратына -  20 млрд, Бас пракуратура ғимаратына – 2 млрд, Полиция департаменті мен бөлімшелеріне – 205 млн, Экобекеттерге -163 млн, медицина нысандарына – 2 млн теңгенің шығыны келтірілген.

Қазір жаппай тәрітпсіздіктен кейінгі қаланы қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, оған жүздеген еріктілер атсалысуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы