Алматы әкімдігі Ерболат Досаевтың көмекшісінің ұсталғанын жоққа шығарды
Желіде Алматы қаласының әкімі көмекшісінің ұсталғаны туралы жалған ақпарат таралып жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Белгілі болғандай, бұл хабарламада Алматы облысы Іле ауданы әкімінің фотосы көрсетілген.
Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.
Қала әкімінің көмекшісі ұсталғандығы жайлы ақпарат жалған. Алматы қаласының әкімдігі жалған ақпарат таратқандарды анықтау үшін құқық қорғау органдарына жүгінетінін мәлімдейді. Еске салайық, заңнамаға сәйкес, жалған ақпарат таратқандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, - деді Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы