Алматы әкімдігі Бутаковка шатқалында кесілген ағаштарға қатысты түсінік берді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы Бутаков шатқалында ағаштардың кесілуіне қатысты түсініктеме берді.

Басқармаға әлеуметтік желілер арқылы Бутаковкада ағаштардың кесіліп жатқандығы туралы ақпарат келіп түсті. Мамандар аталған орынға барып, Долматов С.С. есімді азаматтың жер телімін жоспарлау жұмыстарын жүргізу кезінде 5 ағашты кескендігін анықтады. Осыған орай құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып,  жиырма есе көп ағаш отырғызу туралы кепілхат алынды, - деп түсіндірді басқарма.  

Сонымен қатар  Іле Алатау МҰТП РМҰ ақпаратына сәйкес, ерекше қорғалатын жасыл желек қорын реттеу тәртібі аталған ережеде қарастырылмаған. Бұл жерде жұмыстар Орман кодексі мен орман қорын кесу ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы