Алматы әкімдігі 30-ға жуық мердігер компанияны сотқа берген

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қала тұрғыны мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үйлерде көптеген ақаулар барын айтып шағымданды. Шаһар басшысы жосықсыз мердігерлердің тек заң жүзінде жауапкершілікке тартыла алатынын айтты.

Жосықсыз компаниялардың мәселесін біз тек заң жүзінде шеше аламыз. Қазір қалада мемлекеттік тапсырысты алған әрбір үшінші құрылыс компания жосықсыз жұмыс істейді. Мысалы Қала құрылысын бақылау басқармасы сотқа 30-ға жуық талап арыз берді. Ең қиыны – ақшаны қайтару, өйткені компаниялар жабылып қалған - дейді Ерболат Досаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы