Алматыға кіріп-шығуға рұқсат етілгендердің тізімі өзгерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыға кіруге және қаладан шығуға рұқсат етілген адамдардың тізімі кеңейтілді, деп хабарлайды қала әкімшілігі.
Алматы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб емделуге жіберілген және денсаулық жағдайы бойынша өз бетінше жүріп-тұруға мүмкіндігі жоқ азаматтармен бірге келетін адамға қалаға кіру немесе шығуға рұқсат беру туралы шешім қабылдады. Медициналық мекеменің жазбаша жолдамасымен, бір автомобильде бір ғана адам науқаспен еріп жүруіне рұқсат етіледі. Бұл шаралар созылмалы ауруларды емдеу, жоспарлы операциялар жүргізу бойынша уақытылы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді, - делінген хабарламада.
Бұған дейін Алматыға арнайы шақырту бойынша ҚР басқа өңірлерінің құқық қорғау және арнайы органдарының (ҰҚКД, Прокуратура, ЭТД, МКД, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі, ЖКҰБ, ҚР МҚК, ЖП, Ұлттық гвардия, ҚМ, ТЖД) қызметкерлері мен көлігіне ғана кіруге және қаладан шығуға рұқсат етілген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирусқа қатысты ғылыми сайт іске қосылды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы