Алматыда Президент Жолдауы талқыланды
Алматы, BAQ.KZ. «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Алматыға келді.
Байбек қала жұртшылығы және үкіметтік ұйым өкілдерімен кездесті.
Бас қосуда Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Жолдауын іске асырудың негізгі бағыттарын талқыладық. Сондай-ақ праймериздің өзекті мәселелері мен «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында қаланы таяудағы 5 жылда дамыту бойынша ұсыныстарды қарастырдық. Өздеріңіз білетіндей, партия Лидері Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен партияішілік праймериз тұңғыш рет республикалық ауқымда өтіп жатыр. Алматыда кандидат ретінде 200-ден астам қалалық тіркелген, оның 35%-ы - әйелдер, 30%-дан астамы – 35 жасқа дейінгі жастар. Әсіресе, шағын және орта бизнес, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар өкілдері ерекше белсенділік танытты, олар - 50%-ды құрайды. Алматыда орташа алғанда, бір орынға 8 адам үміттенуде,-деп жазды Facebook-тегі парақшасында.Қазіргі кезде қалада 3 мыңдай әр түрлі кездесулер мен пікірсайыстар өткізілді.
Қалалық сайлауалды бағдарламаны жетілдіру бойынша 300-дей нақты ұсыныстар жинақталды. Олардың 41%-ы әлеуметтік блокқа, 21,5%-ы – инфрақұрылымды дамыту мен экологияға, 12,5%-ы – экономика мен жұмыспен қамтуға қатысты болды. Жалпы, Елбасының тапсырмасы бойынша әрбір өңір, қала және аудан бойынша сайлауалды бағдарламаларымыз тұрғындардың пікірін және Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді ескере отырып, пысықталатын болады. Мысалы, Алматы сайлауалды бағдарламасының жобасында тұрғындардың өтініштері негізінде қаланың экологиялық ахуалын жақсарту және көгалдандыру, қоғамдық орта мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша жекелеген шаралар көзделеді. Сондай-ақ алматылықтарды толғандырып отырған өзге де мәселелер көрініс табатын болады. Қалалық сайлауалды бағдарламаның жобасымен Primaries.kz сайтында танысып, ұсыныс беруге болады. Алматыны әрі қарай өркендету бойынша межеленген мақсаттар тығыз ынтымақтасу мен қалалықтардың қолдауының арқасында іске асатынына сенімдімін, - деп жазды ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Израиль премьер-министрін қамауға алу туралы ордер берілді
Өзгелердің жаңалығы