Алматы-2 вокзалынан өрт шықты
Алматы-2 вокзалының шатыры өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
29 қараша күні сағат 14:08-де Алматы қаласы Жетісу ауданы Абылайхан даңғылы, 1 мекенжайында орналасқан Алматы-2 вокзалының ғимараты, атап айтқанда вокзал ғимаратының төбесі өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері - жеке құрамнан 43 адам және 14 техника жұмыс істеп жатыр. 100 шаршы метр аумақта вокзалдың бас ғимараты шатырының ағашы өртенді. Адамдар ғимараттан өз бетінше шығып кетті, ешкім зардап шеккен жоқ, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Өрт сағат 14:30-да өрт оқшауланып, сағат 14:50-де өрт толық сөндірілді. Вокзал штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Пойыздардың кешігуі болған жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы