Алматы-1 вокзалы еуропалық үлгіде болады - Павел Кулагин
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы 7 айда Түркісіб ауданындағы өндірстік өнімнің мөлшері 104, 5 пайызды құрады. Сондай-ақ өндіріске құйылған инвестициялық капиталдың өсімі байқалады. Бұл туралы Алматы қаласы Түркісіб ауданының әкімі Павел Кулагин брифинг кезінде айтты.
Аудан әкімі соңғы жеті ай бойынша әлеуеттік-экономиканың даму барысын баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
“Ауданда халықтың сауда-саттық жасауы үшін қолайлы орта жасалуда. 10 базардың төртеуі қайта жаңғыртылудан өтті, қалғандары жыл соңына дейін жаңарады. Яғни олардың барллығы Еуропалық үлгіде жасалып жатыр”, -деді ол.
Сондай-ақ ол, инженерлік инфрақұрылым мен қалаға қосылған елдімекендер бойынша өзекті мәселе бар екенін айтып өтті.
“Қала бойынша жер үйдің басым бөлігі біздің ауданда орналасқан. Қалаға қосылған 3 елдімекенді жолмен, сумен және орталық кәріз жүйесіне қосу бойынша жұмыстар ақарылуда. Жыл басынан бері 14 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргіздік, қазір Шолохов көшесін жөндеп жатырмыз. Қаладағы вокзалдар қала әкімдігіне өткенін білесіщдер, осы тұрғыда Алматы-1 вокзалы реконструкциядан өтіп, еуропалық үлгіде жасалады”, - дейді аудан әкімдігі.
Сөз арасында ол, 11 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылғанын және “Бақытты отбасы” бағдарламасы іске асып жатқанын айтты.
“Аудандағы әлеуметтік мәселелерді шешу жұмысы да жалғасып жатыр. Жыл басынан бері 3, 7 мыңдай жаңа жұмыс орны құрылды, жыл соңына дейін тағы 3300 жұмыс орнын құруды жоспарлап отырмыз. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмысқа кіріскелі ауданға үш рет келіп, жұртшылықпен кездесіп, олардың қажеттіліктерін тыңдап қайтты”, - деді П. Кулагин.