9 Қыркүйек 2024 2024, 16:43
Фото: Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының баспасөз қызметі
Алмат Ләтіпбек аударыспақтан екінші алтынды еншіледі
Аударыспақтан 70 келі салмақта сынға түскен Ермек Құралбай алтын медальға ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін аударыспақтан 70 келі салмақта сынға түскен Ермек Құралбай алтын медальға ие болған еді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алмат Ләтіпбек аударыспақтан екінші алтынды жеңіп алды.
«Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өтіп жатқан аударыспақтан бәсекеге 9 мемлекеттен, 64 спортшы тіркелді.
Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Венгрия, Қытай, АҚШ және Ресей. 10 қыркүйекте Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев сынға түседі.