Алмақтың да салмағы бар. Қаржы министрі не туралы айтты?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «Желмая» жобасында айтты.
Ұлттық қордың жинақталуына да көп көңіл бөлеміз. Тұрақтау қызметі емес, жинақтау қызметіне мән беріледі. Қазақта жақсы сөз бар «алмақтың да салмағы бар» деген. Сондықтан Ұлттық қордан алынатын қаржының салмағын азайтып, келешек ұрпаққа қомақты қаражат қалдыруға бел буып отырмыз, - деді ол.
Министр айтқандай, кірістің жолдарын барынша арттырса, кез келген шығысты жабуға болады.
Кірістің шығыстан аз болуы бюджеттің тапшылығына алып келеді. Келесі жылдан бастап бюджет тапшылығын барынша азайтуымыз керек. Ұлттық қорға төніп тұрған қауіп жоқ. Ұлттық қор 2000 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дұрыс шешімімен құрылған болатын. Ол 20 жылдан астам уақытта экономиканы қолдау тетіктерін дәлелдеп келеді, - деді Ерұлан Жамаубаев.