Бүгiн 2026, 17:11 Фото: pixabay.com

Алма-Арасанда жол апаты болды: бірнеше адам жарақат алды

Соққыдан кейін көліктің бірі аударылып кеткен. Жол апаты салдарынан бірнеше адам зардап шекті.

Алма-Арасан шатқалында Toyota RAV4 және Hyundai Accent көліктерінің қатысуымен ауыр жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан Toyota жүргізушісі мен екі көліктегі жолаушылар жарақат алды.

Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota RAV4 көлігін тізгіндеген қыз оңтүстік бағытта келе жатқан. Ал оған қарсы солтүстік бағытта Hyundai Accent қозғалған. Әзірге анықталмаған себеппен Hyundai қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Соққының әсерінен Toyota жол шетіне ығысқан. Ал Hyundai аударылып, жолдан шығып кетіп, ағаш пен газ құбырының тірегіне соғылған.

Апат кезінде Hyundai көлігін нақты кім басқарғаны әзірге анықталған жоқ. Оқиға куәгерлері мен жол апатына қатысушылардың айтуынша, көліктегілер бір-біріне қарама-қайшы жауап беріп, рөлде басқа адам болғанын айтып, жауапкершілікті өзара бір-біріне жүктеген.

Жүргізушінің кім екенін анықтау үшін оқиға орнына криминалист шақырылды. Қазір жол апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салайық, 26 маусым күні кешке Алматы – Өскемен тасжолының 432-шақырымында болған жол апатынан бес адам қаза тапқан еді.