Аллергиясы барларға вакцина салдыруға бола ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Республикалық аллергологиялық орталығының басшысы Таир Нұрпейісов жауап берді. 

Маманның айтуынша, COVID-19-ға қарсы аллергиктерге вакцина салуға болмайды деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
 
Себебі жалпы аллергияның вакцина жасауға және коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаға қарама-қайшы көрсеткіштері жоқ. Республикалық аллергология орталығы мамандарының ұстанымы халықаралық мәліметтермен, оның ішінде Еуропалық аллергология және клиникалық иммунология академиясының келісім құжатында жарияланған мәліметтермен сәйкеседі. Респираторлық, тағамдық, соның ішінде тауық жұмыртқасына, эпидермалдық, жәндіктерге, сондай-ақ латекске болатын аллергиялық реакциялар COVID-19 вакцинациясына қарсы көрсеткіш болып табылмайды. Аллергиялық аурулар асқынғанда вакцинаны уақытша салуға болмайды. Ауру симптомдары болмаған кезде екпені жасауға болады. Уақытша медициналық қарсы көрсеткіштің ұзақтығын тікелей дәрігер шешеді, - дейді Республикалық аллергологиялық орталығының басшысы Таир Темірланұлы.
Сонымен қатар, бронх демікпесіне шалдыққан жандарға да вакцина жасауға болады. Тек екпе салмас бұрын аурудың деңгейін бақылау үшін өз дәрігеріңіздің алдынан өткен жөн.

Ал вакциналауға қарсы көрсеткіштер анафилактикалық шок, Квинке ісігі, Лайелл синдромы, ал уақытша қарсы көрсеткіш – созылмалы (оның ішінде, аллергиялық) аурулар болып табылатын көрінеді. Мамандар анамнезіңізде аллергиялық ауру бар болса, вакцинаны медицина ұйымдарында салдыруға кеңес береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы