«Allegro» қазақстандық бизнес-қоғамдастыққа арналған вебинар сериясын өткізеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов әлеуметтік желідегі парақшасында Польшаның «Allegro» халықаралық маркетплейсі қазақстандық бизнес-қоғамдастыққа арналған «Allegro платформасында тауарларды тіркеу және ілгерілету бойынша оқыту» тақырыбында оқыту вебинар сериясын өткізетінін хабарлады.
Отандық экспорттаушыларды қолдау мақсатында Сауда және интеграция министрлігі оларды онлайн сауда алаңдары арқылы шет елдерге ілгерілету бойынша кешенді жұмыс жүргізуде.
Қазіргі уақытта министрліктің қолдауымен Alibaba халықаралық интернет-платформасына соңғы екі жылда «Алтын жеткізуші» ретінде 100 компания шығарылды.
Бүгінде 4 мыңнан астам қазақстандық тауар осы сауда алаңында орналастырылған. Ағымдағы жылы қосымша 50 компанияны шығару жоспарлануда.
Польшаның «Allegro» халықаралық маркетплейсі қазақстандық бизнес-қоғамдастыққа арналған «Allegro платформасында тауарларды тіркеу және ілгерілету бойынша оқыту» тақырыбында оқыту вебинар сериясын өткізетінін қуана хабарлаймыз. Бірінші вебинар 2021 жылдың 12 ақпанында сағат 17:00-де (жергілікті уақыт) Clickmeet платформасында өтеді (тіркеу және бейнеконференцияға қосылу сілтемесі төменде көрсетілген).
Сіздің қызығушылығыңыз болған жағдайда, осы жоспарланған вебинарға (сілтеме) қатысуыңызды сұраймыз, - деп жазды Бақыт Сұлтанов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағанды облысында «жасыл» энергетика қалай дамуда
Өзгелердің жаңалығы