Әлияның ізімен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының 35748 әскери бөлімінде қызмет ететін қыз-келіншектер Халықаралық армия ойындарының бағдарламасына кіретін «Мергендер шебі» іріктеу жарыстарына қатысады.

Аға сержант Назима Қалмұратова мен кіші сержант Әйгерім Қалиева бөлім біріншілігінің қорытындысы бойынша үздік нәтижелер көрсетіп, қазір өңірлік іріктеу кезеңінде өзінің мергендігі мен физикалық төзімділігін дәлелдеуге дайын.

Өңірлік жарыстар кезінде үміткерлерге психологиялық тестілеу, дене дайындығы бойынша нормативтер, Драгунов мерген мылтығынан, Калашников автоматынан және Макаров тапаншасынан ату жаттығулары орындалады. Қатысушылар күндізгі және түнгі уақытта, сондай-ақ атысқа арналған түрлі позициялардан орындайды.

Алдағы сайысты жақсы нәтижелерді көрсету үшін қыздар бір ай бойы «Дарбаза» оқу-жаттығу полигонында бірнеше қару-жарақпен жаттығу жасап, өмір сүрді. Қыздар әртүрлі қашықтықтарда орналасқан нысаналарды бағындыруды меңгерді, ал ең алшақ орналасқан нысананың қашықтығы 800 метрге жетті.

Қолыма қару алған сайын, мен атыс сабақтарында қараңғыда жанып жатқан темекі басына және жылжымалы нысананы бір шақырым арақашықтығынан дәл тигізген апамыз Әлия Молдағұлованы еріксіз есіме түсіремін. Оның үлгісі мен біздің дайындығымыз алдағы жарыстарда маған көмектесетініне берік сенемін, - деп бөлісті Әйгерім Қалиева.

Айта кетсек, «Мергендер шебінің» өңірлік кезеңі «Отар» 40-шы әскери базасының оқу полигондарының бірінде өтеді, ал 35748 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жыл сайын онда жақсы нәтижелер көрсетіп келеді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы